Технология • 11 Маусым, 2021

Әлемдік астрофизиктер бұрын-соңды болмаған аспан зерттеуін бастады

729 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1983 жылы астрофизиктер орталығында Гарвард және Смитсониан (CfA) 2400 галактиканы пайдаланып ғарыш картасын шығарды. Ендігі кезекте CfA ғалымдары 30 миллион картаны түсіруді мақсат етіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік астрофизиктер бұрын-соңды болмаған аспан зерттеуін бастады

Әлемді картаға түсіруге арналған ең үлкен ізденісте халықаралық зерттеушілер тобы аспанды түсіру үшін DESI және қара энергетикалық спектроскопиялық құрал қолдануда.  Бақылау 17 мамыр күні Аризонаның Тусон маңындағы Китт-Пик ұлттық обсерваториясында ресми түрде басталды. Миссия 30 миллион галактиканы картаға түсіру мақсатымен бес жылға созылады.

Мыңдаған адамның ынтымақтастығымен және АҚШ Энергетика министрлігінің Ғылым департаментінің алғашқы қаржыландыруымен DESI орнатылды. Сонымен қатар Китт шыңы ұлттық обсерваториясындағы 4 метрлік Николас У.Мейаллдың қайта жабдықталған телескопы да жұмыс істеп тұр.  Аспап ғалымдарға  бұрын-соңды болмаған ауқымды зерттеуге мүмкіндік берді.  5000 роботпен басқарылатын оптикалық талшықтарды қолдану арқылы DESI бір уақытта 5000 галактикадан спектроскопиялық мәліметтерді және жарықты жинай алады.

DESI қондырғысы 11 миллиард жылға дейінгі ғаламның егжей-тегжейлі 3D картасын құруға көмектеседі. «Бұл қазіргі заманауи технологияға қарағанда шамамен 20 есе жылдам», дейді CfA зерттеушісі және DESI-дің мүшесі Дэниэл Эйзенштейн.

«DESI – бұл ең жаңа технологияның мүмкіндіктерін негізге алып, аппаратураны, бағдарламалық жасақтаманы және аспанға түсірілімдердің оперативті стратегиясын оңтайландырудың онжылдық тәжірибесінен алынған керемет құрал», деді Д.Эйзенштейн.

Сонымен қатар DESI құрылғысы АҚШ-тағы ең жылдам суперкомпьютерді, Oak Ridge ұлттық зертханасындағы Summit-те қолданылған, Галактикалардың ауқымды шоғырлануы қалай пайда болғанын және онда энергияның қандай рөл атқарғанын көрсеткен.

 

 

Нұрбибі Қадыр,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Журналистика» факультетінің студенті