Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың мәліметінше, жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындардың автопаркінде 289 автобус бар.
«Күн сайын жолаушы тасымалдауға 210-220 автобус жолға шығады. Себебі, автобус жүргізушілері жетіспейді. Бұл 60 автобустың резервте тұруына әсер етіп отыр», дейді Қайрат Оразбаев.
Оның айтуына қарағанда, осы кезге дейін Атырау қаласында 71 ашық, 24 жабық аялдама жаңасына ауыстырылыпты. Ал, 47 аялдама сенімгерлік басқаруға беріліпті.
«Биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанда шығарылған 120 аялдаманы сатып алу жоспарланып отыр. Осылайша, ескі аялдамалар жаңасына ауыстырылады. Кейбір көшелерге жаңа аялдамалар орнатылады», дейді Қайрат Оразбаев.