Футбол • 12 Маусым, 2021

Футболдан Еуропа чемпионаты басталды

677 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 12 маусым төрткүл дүние көз тіккен байрақты бәсеке басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Футболдан Еуропа чемпионаты басталды

Доп додасының шымылдығы Түркия мен Италия құрамаларының кездесуімен түрілді. Ойын Италия астанасы Рим қаласындағы Олимпиадалық стадионда өтіп жатыр.

Бұл матчта нидерландылық Данни Маккели бас қазы болса, оған отандастары Хессел Стегстра мен Ян де Врис көмекшілік жасауда. Қосалқы төреші - франциялық Стефани Фраппар.

Айта кетейік, ойын елорда уақытымен 00:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде басталды.

Биылғы біріншілікте барлығы 24 құрама сынға түседі. Әрбір топтан үздік екі команда мен көрсеткіші жоғары төрт құрама жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады. Құрамалар төмендегі топтарға бөлінген:

А тобы: Уэльс, Швейцария, Түркия, Италия;

В тобы: Финляндия, Бельгия, Ресей, Дания;

С тобы: Украина, Австрия, Солтүстік Македония, Нидерланды;

D тобы: Хорватия, Шотландия, Чехия, Англия;

E тобы: Швеция, Польша, Словакия, Испания;

F тобы: Германия, Венгрия; Португалия, Франция;

 



Соңғы жаңалықтар