Білім • 12 Маусым, 2021

2021 жылы білім беру гранттарының саны 5 мыңға артады

237 рет көрсетілді

2021 жылы білім беру гранттарының саны 5 мыңға артады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Келесі оқу жылына бакалавриат бағдарламасы бойынша 51 561 грант бөлінді, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша. Сонымен қатар «Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде тағы 5000 грант бөлу қарастырылған. Бакалавриат бағдарламасы бойынша гранттардың жалпы саны 56 561 грантты құрайды, магистратура бойынша - 13 263, докторантура – 1890. Кадрлар даярлауға арналған гранттар қажетті бағыттар бойынша бөлінеді», деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін гранттар саны 50%-ға артатынын атап өтті. Айта кеткен жөн, жыл сайын жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді. Ал 500 қазақстандық ғалым «Болашақ» бағдарламасы аясында танымал әлемдік ғылыми орталықтарға тағылымдамадан өту үшін жіберілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Доллар қайта қымбаттай бастады

Экономика • Бүгін, 11:47

Елімізде 5,5 млн адам вакцина салдырды

Коронавирус • Бүгін, 09:20

Нұрханның домбырасы

Өнер • Бүгін, 09:05

Төрт дүркін чемпион

TOKYO2020 • Бүгін, 09:04

Бір өзі – бір мемлекет

TOKYO2020 • Бүгін, 09:00

Әмиян ақшасыз қалды

Қаржы • Бүгін, 08:47

Сақтық талапқа сай емес

Коронавирус • Бүгін, 08:37

Әскери дәрігерлер көмекке келді

Коронавирус • Бүгін, 08:28

Даярлықтарын жетілдірді

Қоғам • Бүгін, 08:21

«Ордалы отыз іс»

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 08:17

Талибтердің шабуылы

Әлем • Бүгін, 08:09

Ұқсас жаңалықтар