«Қазір мына бір жайттың төңірегінде ұдайы ойланамын. Талантты, білімді, сауатты «алтын бастарымыз» елін, жерін тастап, жақсы өмір аңсап, жат жұрттарды жағалай бастағалы біраз уақыт болды. Иә, «Қазақстанда олар үшін қолайлы жағдай жоқ қой» дерсіз. Бірақ Әлихандар мен Ахметтердің заманы қолайлы болды деп кім айтты? Кеңес саясатымен келіспесе, шетелге кетуге олардың мүмкіндігі болмады емес, болды ғой? Сонда оларды тұсаулап жібермей қалған қандай күш? Елі мен жерінің алдындағы борыш, Отанына деген махаббат емес пе еді? Бүгінгі заман білім жарыстыратын ақыл-ой заманы болғандықтан, оқығаны рәсуа болып, жинаған білімін жүзеге асыра алмай, уақыт өтіп бара жатқан соң ол жастар амалсыз Отанын тастап кетіп жатқан да болар. Оларды кінәлауға менің хақым жоқ. Бірақ деймін, шіркін, менің замандастарымның жүрегінде әлгі айтқан қозғаушы күш – ұлтына деген махаббат болса, олар жерін тастап кетпеген болар ма еді?», деді Еркебұлан Дайыров.
Белгілі актер Еркебұлан Дайыров «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында шетелге кетіп жатқан қазақ жастары туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады
Президент • Бүгін, 21:14
Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:22
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Аймақтар • Бүгін, 18:43
Алматыда қауіпсіздікке арналған видеосараптаманың жаңа түрлері сыналды
Оқиға • Бүгін, 17:55
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды
Оқиға • Бүгін, 17:45