Спорт • 12 Маусым, 2021

Жүлделі орындар үшін айқасатын балуандар анықталды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында аса ауыр салмақ дәрежелері бойынша жүлделі орындар үшін айқастын балуандар толықтай белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүлделі орындар үшін айқасатын балуандар анықталды

Әйелдердің +78 кило салмағында франциялық Джулия Толофуа мен бразилиялық Беатриз Соуза үшінші орын үшін сайысқа түседі. Бразилияның тағы бір өкілі Мария Сулен Алтхеман мен кубалық Идалис Ортиз екінші қола медаль үшін белдеседі. Ал бас жүлде үшін тартыс Жапонияның қос жұлдызы Сара Асахина мен Вакада Томита арасында өтеді.  

Ерлердің +100 кило салмақ дәрежесінде ресейлік Темірлан Башаев пен жапониялық Кокора Кагуера өзара бәсекеде әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Ал нидерландтық Рой Мейер мен бразилиялық Рафаэль Силва және украиналық Якуб Хаммо мен грузиялық Гела Заалишвили қола медаль үшін айқасады.