Спорт • 12 Маусым, 2021

Еуропа чемпионаты: Уэльс құрамасы Швейцариямен кездеседі

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде Уэльс және Швейцария құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропа чемпионаты: Уэльс құрамасы Швейцариямен кездеседі

Бүгін аталған топтағы тағы бір кездесуде А тобында Уэльс пен Швейцария жасыл алаңға шығады. Бұл кездесу елорда уақытымен сағат 18:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қос құрама арасындағы тартыс Әзербайжан астанасы Баку қаласындағы Олимпиадалық стадионында өткізіледі. Оған франциялық Клеман Турпен бас төреші болса, отандастары Николя Дано мен Сириль Гренгор көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - сербиялық Срджан Йованович.