Аймақтар • 13 Маусым, 2021

Оралдық оркестрдің өрісі кеңейді

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының камералық оркестрі елордадағы Мемлекеттік академиялық филармониямен меморандуға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралдық оркестрдің өрісі кеңейді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармониясы» мен Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат аясында тараптар мәдени маңызды іс-шараларды дайындау және іске асыру кезінде өзара көмек көрсетуге, орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өзара тәжірибе алмасуға, сондай-ақ музыкалық алаңды ұсыну бойынша бір-біріне қолдау көрсетуге ниетті.

Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестр директоры Салтанат Әбілғазиева алдағы уақытта тағы бірнеше өнер ұжымымен ынтымақтастық орнату жоспарын бөлісті. Биыл құрылғанына 10 жыл толып отырған оркестр мерейлі датаға жане ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өзара серіктестік қарым-қатынас орнатқан қалалар мен елді мекендер сахнасында өнер көрсетпек.

Батыс Қазақстан