Әлем • 13 Маусым, 2021

Ғарышқа ұшу билеті 28 млн долларға сатылды

553 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғарышқа ұшу билеті 28 млн долларға сатылды

Саудаға қатысуға 159 елден 7600-ге жуық адам тіркелген. «107 нөміріндегі адамға 28 миллион долларға сатылды», – деп мәлімдеді аукционды жүргізген Blue Origin компаниясы. Джефф Безос және оның ағасымен бірге ғарышқа кімнің баратыны әзірге белгісіз. Ал оның есімі бірнеше аптадан кейін айтылмақ. Blue Origin-ге сәйкес «төртінші және ақырғы» экипаж мүшелері де жақын арада белгілі болады.

Бұған дейін Blue Origin компаниясы 20 шілдеде ұшуы жоспарланған New Shepard суборбитальды кемесінің бортына бір жолаушыны тартуға арналған онлайн аукцион өткізгелі жатқаны жөнінде айтқан болатынбыз. Компанияның хабарлағанындай, жеңімпаз қатысушы Blue Origin иесі Джефф Безос пен оның ағасы Маркпен бірге ғарышқа аттанады.