«Қазір ол жерде аштық байқалып жатыр. Бұл жағдай әлдеқайда ушығуы мүмкін», деді ресми өкіл.
БҰҰ мәліметтері бойынша, Эфиопияда 350 000 адам соғыстан зардап шеккен Тиграй аймағында, сондай-ақ Амхара мен Афар өлкелерінде күрделі жағдайда өмір сүріп жатыр.
Аймақтағы азық-түлік тапшылығы аштық пен өлім-жітімнің көбеюіне әкелуі ықтимал.
Эфиопияда елдің орталық үкіметі мен Тиграйды азат ету үшін халықтық майдан арасындағы қарулы қақтығыс жалғасуда, ол өткен жылдың қараша айында басталып, халықтың жағдайын тұралатып тастаған еді.