Қазақстан • 14 Маусым, 2021

Заңсыз жүрген 2,5 мың мигрант Қазақстан аумағынан шығарылды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Қазақстан аумағынан 2,5 мың заңсыз мигрант өз еріктерімен шықты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңсыз жүрген 2,5 мың мигрант Қазақстан аумағынан шығарылды

«Ішкі істер министрлігі пандемия басталған сәттен дағдарысқа қарсы тұрақтандыру, оның ішінде мигранттардың құқықтарын қорғау іс-шараларын жүргізді. Қазақстанда болуға рұқсат құжаттарының мерзімі өткен шетелдіктердің құқықтық мәртебесін анықтау немесе оларды үшінші ел арқылы елден шығуларын ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастырды. ІІМ Көші-қон қызметінің, шет мемлекеттердің өкілдіктерінің және Халықаралық көші-қон ұйымның жәрдемімен мұндай адамдарға рұқсат құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілді», деді Нұрділдә Ораз.

Оның дерегінше, жыл басынан бері төлқұжаттарының мерзімі өткен 675 шетелдік еліне оралу үшін куәлік алды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері 2,5 мың заңсыз мигранттың ел аумағынан өз еріктерімен шығуына көмек көрсетті.