«Елдегі төтенше жағдай, карантин кезінде кейбір өндірістерді, жұмыс орындарын тоқтатуға тура келді. Нәтижесінде азаматтар жұмыс істемей, үйде отырды. Осыған байланысты ел тарапынан дағдарысқа қарсы бағдарлама, Жұмыспен қамту жол картасы қабылданды. Соның аясында былтыр 239 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары бар. Бірақ азаматтарды осы жұмыс орындарына тарту арқылы өткен жылы жұмыссыздық деңгейін 4,9% деңгейінде сақтай алдық. Егер бұл шаралар дер кезінде қабылданбаса, жұмыссыздық деңгейі бұдан да артық өсуі мүмкін еді», деді ведомство басшысы.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов карантин уақытында азаматтарды қолдау мақсатында бірқатар бағдарламалар қабылданғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 00:38
Қазақстан халқы ақпан айында қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Жасанды интеллекттің әсерінен адамдардың миы 20-30%-ға баяу ойланады
Технология • Кеше
Жітіқарадағы өртте 5 баласы өртеніп кеткен ана 5 жылға сотталды
Төтенше жағдай • Кеше
Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді
Балалар • Кеше