Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл дерек «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.
Полицейлер 42 жастағы ер адам тұратын үйді тінту кезінде 1 ойық қаруы мен 5,6 мм калибрлі 1 патронды тауып, тәркіледі.
«Тексеру кезінде аталған азаматтың бұрын сотты болғаны расталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен тергеу басталды. Ал заңсыз қаруды сақтаған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.