Қазақстан • 14 Маусым, 2021

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялауға қатысты талдау жүргізіледі

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау саласына кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялауға қатысты талдау жүргізіледі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізуді бастайды.

Бұл жұмыстың мақсаты – субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық, әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою.

Ол үшін барлық нормативтік құжаттар, өңірлерде субсидиялар берудің тәжірибесі, қылмыстық істер мен сот шешімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері талданатын болады.

Халықпен кездесіп, жағдайды зерделеу үшін арнайы топтардың өңірлерге шығуы ұйымдастырылады.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін [email protected] электрондық поштасы, сондай-ақ +7 778 668 99 20 WhatsApp нөмірі жұмыс істейді.

Жұмыс тобының өкілдеріне «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиалдары мен еліміздің барлық өңірлеріндегі Агенттік департаменттерінің Antikor-орталықтары арқылы жүгіну мүмкіндігі де қарастырылған.

Барлық проблемалық сұрақтар мен бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жоғарыда көрсетілген байланыс арналары арқылы хабарласуға болады.

Агенттік ынтымақтастыққа және барлық бейжай қарамайтын азаматтарды қатысуға шақырады.