Қазақстан • 14 Маусым, 2021

Қазақстанда мемлекеттік қызмет туралы заң өзгертілмек

1441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстанда мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар есептеуді алып тастауды қарастыратын түзетулер жобасын жария талқылауға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда мемлекеттік қызмет туралы заң өзгертілмек

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңға түзетулер жобасын жария талқылау 25 маусымға дейін жалғасады.

Заң жобасы ел Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында қойылған мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі міндеттерді орындау үшін құқықтық жағдайлар жасау мақсатында әзірленгені хабарланды.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарда факторлық-балдық шкала негізінде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу міндетін қойды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру жөніндегі жол картасының 1-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңға мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар есептеуді болдырмау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленді», делінген жобаны түсіндірме жазбада.