Парламент • 15 Маусым, 2021

Сенат Бюросының отырысы

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болып, онда депутаттар 2021 жылғы 17 маусымға жоспарланған жалпы отырыстың күн тәртібін бекітті, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.

Сенат Бюросының отырысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі туралы мәселе кезекті отырыстың күн тәртібіне енгізілді.

Сенаторлар Палатаның алдағы отырысында «Мемлекеттік фельдъе­герлік байланыс туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірге қарайтын болады.

Құжат фельдъегерлік байланыстың міндеттері мен қағидаттарын заңнамалық тұрғыда бекітуге, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін айқындауға, олардың құқықтық жағдайын реттеуге, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер белгілеуге бағытталған. Заң жобасын қабылдау қызметтің құқықтық, ұйымдастырушылық негіздерін және қызметкерлердің мемлекеттік органдарымен өзара жедел іс-қимыл тәртібін айқындайды.

Бюро отырысы барысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.