Теннис • 15 Маусым, 2021

Токио Олимпиадасына баратын Қазақстандық теннисшілер анықталды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі тамыз айында өтетін Токио Олимпиадасында теннистен ел намысын кімдер қорғайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио Олимпиадасына баратын Қазақстандық теннисшілер анықталды

Ерлер арасынан Александр Бублик, әйелдер арасынан: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова. Шведова үшін бұл үшінші Олимпиада ойындары.

Іріктеу талаптарына сәйкес, Олимпиада ойындарына ATP және WTA рейтингінің ТОП-56 қатарына кірген әр елдің төрт үздік теннисшісі және Дэвис кубогында немесе Федерация кубогында ел намысын қорғаған спортшылар қатыса алады.

Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ биыл дүбірлі додаға бейсбол, каратэ, серфинг, құзға өрмелеу және скейдбординг секілді жаңа спорт түрлері қосылды.

Ал, қазақстандық спортшылар Токио олимпиадасында ел намысын спорттың 30 түрінен қорғауды жоспарлап отыр.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың айтуынша, қазақстандық спортшылардың Токио Олимпидасына (жазғы) қатысуына мемлекет тарапынан 15 млрд теңге бөлінеді.