Әлем • 15 Маусым, 2021

Иран коронавирусқа қарсы вакцина шығарды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран билігі коронавирус инфекциясына қарсы елде шығарылған алғашқы COVIran Barekat вакцинасын шұғыл қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иран коронавирусқа қарсы вакцина шығарды

Жергілікті БАҚ мәліметінше, препараттың негізі – Иранның Shifafarmed фармацевтикалық компаниясы жасаған жансыз вирус. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімдігіне алғашқы зерттеулер былтыр желтоқсанның соңында басталған. 

Келесі аптада Иран мен Куба бірлесіп шығарған тағы бір препарат елдегі вакциналар қатарына қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Иранның денсаулық сақтау министрі Саид мәлімдеді.

Тегеран мәліметінше, Иран тұрғындарын жаппай вакциналауға АҚШ-тың санкциялары кедергі келтіріп отыр.