Экономика • 15 Маусым, 2021

Сенаторлар елордадағы құрылыс зауытына барды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Нұр-Сұлтан қаласындағы модульді құрылыс зауытына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар елордадағы құрылыс зауытына барды

Кәсіпорында АҚШ, Сингапур және Германияда қолданылатын көлемді-бөлікті үй құрылысының инновациялық технологиялары қолданылды, соның арқасында әлемдегі үздік тәжірибелер пайдаланылып көлемді блок-модульдердің өндірісі жасалды.

Компания қызметінің негізгі бағыты құрастырмалы темірбетон бұйымдарын конвейер бойынша өндіру, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды салуда ілеспе құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Зауыт еңбеккерлері еліміздегі модульдік құрылыстың даму келешегі, мүмкіндіктері мен проблемалары туралы сенаторларға айтып берді. Өткен жылдың шілде айында салынған зауытта темірбетон бұйымдары автоматты түрде жасалатын ағынды процесі қолданылады. Бұл құрылыс мерзімін төрт есе қысқартуға мүмкіндік береді.

«Жалпы, бұл сапар модульді құрылыс тәжірибесін енгізу мүмкіндігін зерделеуге, сондай-ақ қазіргі проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді деп күтілуде. Тиісті мемлекеттік органдармен бұдан былайғы талқылау барысында мәселелерді шешу жолдары анықталатын болады», деп атап өтті сенатор Әлімжан Құртаев.

Құрылыстың бұл бағыты 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы бойынша дамып келеді. Шара барысында мұндай кәсіпорындардың құрылысы Алматы және Шымкент қалаларында да жоспарланғаны атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар