Аймақтар • 16 Маусым, 2021

Алматылық келіншек көшеде босанып қалды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда аяқ асты толғағы келген келіншек көшеде босанып қалды. Ол перзетханаға жетіп үлгермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылық келіншек көшеде босанып қалды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсіндіргендей, келіншектің көшеде босанып қалуының себебі - медициналық көмекке уақтылы жүгінбеген.

«Алматылық әйел өз уақытында медициналық көмекке жүгінбеді. Жағдайына мән бермеген. Жедел жәрдем қызметімен олар ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ана мен нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады», деп хабарлады ведомстводан.

Абырой болғанда, қалалық №16 емхананың акушер-гинекологы келіншектің толғағы келген уақытта сол маңнан өтіп бара жатқан. Ол дер кезінде көмекке келіп, баланы аман-есен босандырып алған.