Медицина • 15 Маусым, 2021

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 5 айда 1 105 ұшу орындады

448 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 2021 жылғы 5 айда медициналық авиация желісі бойынша 1 105 ұшу орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 5 айда 1 105 ұшу орындады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (бұданәрі–ҰШМҮО) мамандары 2021 жылдың 5 айында 1 105 ұшуды орындады, 1 704 пациентке, оның ішінде: патологиясы бар 417 балаға, жарақаттары, жазатайым оқиғалары және уланулары бар 242 пациентке, акушерлік практикадағы шұғыл жағдайлар бойынша 426 пациентке, қан айналымы жүйесі аурулары бар 239 пациентке, 220 жаңатуған пациентке, басқа да аурулары бар 160 пациентке медициналық көмек көрсетті.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 2 076 медициналық қызмет орындалды, оның ішінде: 1 101-і тасымалданды, медициналық ұйымдарға 1 704 пациент, 120 консультация, 78 операция жасалды, 777 қашықтан медициналық қызмет ұйымдастырылды.

Республика шегіндегі медициналық авиация рейстерінен басқа шетелде ауыр халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды халықаралық тасымалдау жүзеге асырылады. 2021 жылдың 5 айында шетелдік клиникалардан отандық медициналық ұйымдарда емдеуді жалғастыру үшін медициналық авиациямен 1 Қазақстан Республикасының азаматы тасымалданды.

ҰШМҮО Оқыту-тренингтік орталығы Қазақстан Республикасының медицина қызметкерлерінің шұғыл көмек көрсетудің халықаралық стандарттары саласындағы біліктілігін арттыруға үлкен үлес қосуда. Сертификатталған нұсқаушылармен 2021 жылдың 1 тоқсанында халықаралық стандарттар бойынша 616 тыңдаушы медициналық қызметкерлер бағдарлама бойынша оқытылды: «BLS, ACLS, РLS» – 243, «Қауіпсіз көлік жүргізу. Қиын жағдайларда қауіпсіз көлік жүргізу» –32 оқытылды. Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде акушериядағы шұғыл жағдайлар бойынша шеберлік класс – 324, кешенді семинар-тренинг (BLS, ACLS, PHTLS, PALS) – 2, ұшу  физиологиясы және пациенттерді тасымалдау – 15 өткізілді.

Сондай-ақ, ҰШМҮО құрылымында Ахуалдық орталық құрамында білікті бейінді мамандар (реаниматологтар, акушер-гинекологтар, инфекционистер, пульмонологтар, кардиологтар, нефрологтар және т. б.) бар сараптамалық топпен бірлесіп тәулік бойы белсенді жұмыс жүргізеді, медициналық авиация желісі бойынша медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін тұрақты негізде анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқан ауыр халдегі пациенттерге және ЖРВИ, пневмонияның ауыр түрімен науқастанған пациенттерге күнделікті тәулік бойы мониторинг пен талдау жүргізіледі.

Сонымен қатар, ҰШМҮО базасында Қазақстан Республикасындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды мониторингтеу және талдау жөніндегі Ахуалдық орталық жанынан жедел штаб құрылды, оның жұмысы тәулік бойы жүргізіледі.