Әлем • 16 Маусым, 2021

Түркия мен Әзірбайжан Шуша декларациясын қабылдады

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа декларация бойынша Баку мен Анкара тәуелсіз екі ел тұтастығына үшінші мемлекет тарапынан қауіп төнсе немесе шабуыл жасалған жағдайда бір-біріне көмектеседі, деп жазады Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия мен Әзірбайжан Шуша декларациясын қабылдады

Бұл туралы сейсенбіде Армения оккупациясынан босатылған Шуша қаласында Түркия мен Әзірбайжан президенттері Реджеп Тайип Ердоған мен Ильхам Алиев қол қойған бірлескен одақтастық декларациясында айтылған. 

Түркия мен Әзірбайжанның қауіпсіздік кеңестері ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша жүйелі түрде бірлескен отырыстар өткізеді. 

«Әзірбайжан Түркияның Армения елінің 30 жылдық агрессиясын тоқтату және басып алған жерлерді азат ету мәселесіндегі қолдауын жоғары бағалайды», делінген құжат мәтінінде. 

Тараптар түрік-әзірбайжан қатынастарын одан әрі кеңейту мен тереңдетудің барлық перспективаларын зерттеді, делінген декларацияда. 

Құжатта Түркия мен Әзірбайжанның аймақтық және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін шешуге бірлескен күш-жігер жұмсап жатқаны баса айтылған. 

Сондай-ақ Түркия мен Әзірбайжан арасындағы Зангезур дәлізінің және Нахчыван-Карс теміржол желісінің ашылуы екі ел арасындағы қатынастардың дамуына ықпал ететіндігі атап өтілді. 

Дегенмен Түркия мен Әзірбайжан арасындағы әскери-саяси ынтымақтастық үшінші мемлекеттерге қарсы бағытталмаған. 

Шуша декларацияда тараптар терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі контрабандасына, заңсыз көші-қонға қарсы күресте бірлескен күш-жігер мен ынтымақтастықты кеңейтетіні де атап өтілді.