Қазақстан • 16 Маусым, 2021

Қазақстанда климаттық өзгерістер бойынша өңірлік хаб құрылады

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазақстан мен АҚШ сауда-экономикалық қатынастарына 30 жыл» атты Қазақстан-Америка инвестициялық форумының отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда климаттық өзгерістер бойынша өңірлік хаб құрылады

Министр өз сөзінде «жасыл» технологиялар нарығын дамыту үшін Қазақстан Экологиялық кодекс, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заң және «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы сияқты бірқатар нормативтік құжаттарды қабылдағанын айтты.

Сонымен қатар АҚШ Президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керримен онлайн кездесу барысында Қазақстан тарапы Қазақстанда климат мәселелері бойынша Орталық Азияның өңірлік хабын құру туралы бастама көтерді. Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда жаңа кен орындарын (литий оксиді, құрамында осмий тотығы бар мыс құмтас, сондай-ақ құрамында тантал бар кендер, оның ішінде ілеспе ниобий бар) ашу перспективалары бар екенін атап өтіп, осы жобаларды іске асыру үшін АҚШ-пен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін құптады.

Сондай-ақ Мағзұм Мырзағалиев Tesla, Lucid Motors, Nikola сияқты америкалық электромобильдік компаниялардың жетекші рөлін, GM, Ford сияқты ірі автоөндірушілердің электр қозғалтқыштарына көшу жөніндегі ұзақ мерзімді стратегияларын ескере отырып, қазақстан тарапы литий-ионды аккумуляторлар өндіруге арналған зауыттар салу бойынша америкалық тараппен ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35