Көрші мемлекеттен келген мигранттар қаланың Алатау ауданындағы құрылыс алаңында анықталды. Шетелдіктің жанында жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған, осыған байланысты, олар ПД-нің қабылдап-тарату бөліміне орналастырылған.
– Ұсталғандардың әрқайсысының жеке басын анықтағаннан кейін, оларды қаламыздың аумағында кез келген құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қатыстылығын тексереміз. Содан кейін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстаннан шығарылады. Айтпақшы, өткен күні Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы консулдығымен бірге соттың шешімімен бұрын Қазақстаннан шығарылған Өзбекстанның 16 азаматының отанына оралуы ұйымдастырылды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.