БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 16 маусым күні шамамен сағат 13.13-те Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының 27-шақырымында болған.
«ВАЗ-21103» автокөлігінің 1994 жылғы жүргізушісі қиылыста бұрылу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 1984 жылғы жүргізуші айдап бара жатқан «Шаран» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Автокөліктерде 8 адам болған, соның екеуі – кәмелетке толмағандар.