Президент өз сөзінде елдеріміздің келешегі ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы жетістіктерге байланысты екеніне сенім білдірді.
«Ислам әлемінің ғылыми әлеуеті зор деген ортақ пікірді қолдаймыз. Алайда адам капиталын дамытуда, әсіресе сапалы білім беру ісіндегі инвестициялардың көлемін арттыруымыз қажет. Сонымен қатар ғылыми ықпалдастығымызды нығайтып, дамыту өте маңызды болып отыр. Дәл осы шаралардың арқасында ислам әлемінің ғылым мен инновация саласындағы абыройын арттыра аламыз», деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметін және халқын ел тәуелсіздігінің 50 жылдығымен және «Әл-Амал» спутнигінің Марс орбитасына сәтті шығуымен құттықтады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бұл жетістіктің барша ислам әлемі үшін аса маңызды екенін атап өтті.