Аймақтар • 16 Маусым, 2021

Қазақстандағы ең ұзын көпірдің құрылысы басталды

1089 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы ең ұзын көпірдің құрылысы басталды

Екі жолақты автомобиль көпірі Құйған ауылының жанындағы жасанды су қоймасының ең жіңішке учаскесінде салынады. Жобада көрсетілгендей, көпірдің ұзындығы 1,3 шақырымнан асады.

Құрылыс аяқталған соң көпір Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғайды. Мердігер компания «ОблШығысЖол» ЖШС құрылысты 2024 жылға дейін аяқтауы тиіс.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталады. Бұл облыс тұрғындары үшін көптен күткен маңызды оқиға. Жобаның стратегиялық маңызға ие екені белгілі. Ол шекаралас аудандарды облыстың басқа өңірлерімен байланыстырады, жолаушылар мен жүк тасымалы жеңілдейді», деді капсула салу рәсімінде облыс әкімі Даниал Ахметов.