– Тексеру кезінде қалдық газды беру клапанының ақауынан «С-511» пешінің жұмысы тоқтағаны белгілі болды. Сол себептен, ауаға «сары» түтін түріндегі күкірт шығарылған. Департамент басшылығының ұйғарымымен осындай ағаттыққа жол бергені үшін «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты əкімшілік іс қозғалып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Онда қоршаған ортаға өз бетінше эмиссияларға жол бермеу жөнінде нақты іс-шараларды əзірлеу, сондай-ақ штаттан тыс жағдайлар кезінде қондырғылар желісінің жұмысын тоқтату мүмкіндігін қарастыру ұсынылды, – дейді департамент басшысы Ә.Бекмұхаметов.
Оның айтуынша, қазір әкімшілік істі қарау процесі уақытша тоқтатылыпты. Өйткені компания басшылары тексеру нəтижелері бойынша толтырылған акт пен жолданған нұсқамаға байланысты экологиялық реттеу жəне бақылау комитетіне шағымданып отыр. Алайда, «Теңізшевройл» ЖШС-нің Үкіметпен жəне жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтың мәліметінше, ауаға ұзақтығы 7 минутқа созылған күкірт диоксиді мен қарапайым күкірт шығарылған. Осыған орай кен орнындағы қызметкерлер мен мамандар ешқайсысы медициналық көмекке жүгінбепті.
Атырау облысы