Теннис • 17 Маусым, 2021

Жарысты жеңіспен бастады

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Берлинде жүлде қоры 456 073 еуроны құрайтын жарыста Елена Рыбакина өнер көрсетуде. WTA рейтингінде 21-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы өзінің тұсаукесер кездесуінде америкалық Шелби Роджерспен шеберлік байқасты.

Жарысты жеңіспен бастады

АҚШ теннисшісі үздіктер тізімінде 47 сатыға жайғасқан. 1 сағат 44 минутке созылған бұл тартыс Рыбакинаның пайдасына шешілді. Әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик жүлде қоры 1,2 миллион еуродан асатын Лондондағы турнирде күш сынасуда. Ол АТР рейтингінде 61-орынды еншілеп отырған франциялық Жереми Шардимен шеберлік байқасты. Бұл матчта жерлесіміз 6:4, 3:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Келесі кезеңде Бублик Ұлыбританияның өкілі Джек Дрейпермен айқасады.

Чехиядағы «Челленджер» додасында қазақстандық Александр Недовесов және португалиялық Гонсало Оливейра жұбы екі сеттік сайыста корт қожайындары – Эндрю Паулсон мен Партик Риклден айласын асырды – 6:4, 6:3.