Фото: Константин Шелков
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусым күні сағат 02:15-те Павлодар қаласының полициясына қаладағы ауруханалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.
- Полиция анықтағандай, 15 маусым күні 12:30-да Ақтоғай ауданы Балтасап ауылында кәмелетке толмаған бала аттан құлап кеткен. Куәгерлер бар. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді департаментте.