Спорт • 17 Маусым, 2021

Шымкенттік таэквандошылар Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Ливанда (Бейрут) таэквондодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Ерлер арасында бақ сынаған Шымкент қаласының спортшылары екі жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкенттік таэквандошылар Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

87 келіде сынға түскен Смайыл Дүйсебай Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Ол финалда Оңтүстік Корея өкіліне 8:10 есебімен жол берді. Смайыл ширек финалда Иран спортшысын 15:8, жартылай финалда сириялық қарсыласын 30:6 есебімен жеңген еді.

Сондай-ақ, 54 келіде Самат Темірхан құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанды.

В

Азия чемпионаты 15-18 маусым аралығында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетсек, бұл сынға Шымкент қаласынан төрт спортшы қатысатын болды. Олар – Смайыл Дүйсебай (87 келі), Нұрқанат Қожахмет (74 келі), Самат Темірхан (54 келі) және Зияда Ирисматова (46 келі).