Әлем • 17 Маусым, 2021

Қазақстан мен Латвия арасында құқық саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Латвияның Бас прокуроры Юрис Стуканспен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Латвия арасында құқық саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстандық-латвиялық қарым-қатынастар, құқық қорғау органдары арасындағы байланыстарды қоса алғанда, дәстүрлі негізде өзара сыйластық пен сындарлы ынтымақтастыққа негізделеді.

Екі елдің заң саласындағы өзара әрекеттестік мәселелерін талқылауға қоса Елші сұхбаттасушысын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда саяси және әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар адам құқығын қорғау және заңдылықты нығайту салаларында жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ілгерілмелі және динамикалық дамуын оң бағалай отырып, оларды алдағы уақытта да нығайтуға сенім білдірді.