Кездесу барысында тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдай мен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Х. Мохиб Қазақстанның ауған халқына көрсеткен гуманитарлық және техникалық көмегі үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде М. Тілеуберді «Қазақстан Ауғанстанға ұдайы жан-жақты көмек көрсете отырып, сіздің елдегі ахуалды тұрақтандыруға арналған халықаралық күш-жігерді үнемі қолдайды», деп мәлімдеді.
Ауғанстан Президенті кеңесшісінің сапары аясында Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органдарының басшылығымен кездесулер жоспарланған. Ынтымақтастықтың түрлі салаларында екіжақты келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.