Аймақтар • 18 Маусым, 2021

Атырау облысының әкімі отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұрынғы бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлық ісі жөнінде кінәлі деп танылса, отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының әкімі отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді

ОКҚ брифингінде тілші Досмұхамбетовтен бұрынғы орынбасары кінәлі деп танылса, отставкаға кету туралы пікірін сұрады.

«Мен сіздер білетін ақпаратты ғана білемін. Тергеу барысы мен сот талқылауының барысы туралы түсінік бере алмаймын. (...) Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша, әрбір саяси қызметкер, егер оның тікелей бағыныштысы сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотталатын болса және бұл сот шешімімен айқындалса, отставкаға кетуге тиіс. Мен де заңға бағынамын, заңға сәйкес әрекет етемін», деп жауап берді әкім.

Махамбет Досмұхамбетовке бұл сұрақ бұрын да қойылған. 2020 жылдың қыркүйегінде ол: «Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, мен заңға сәйкес отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Президент шешеді» деген болатын.

2020 жылдың қыркүйегінде БАҚ Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ұсталғаны туралы хабарлады. Адвокат Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше