Кезең ішінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, екпінді жел соғады, орталықта, елдің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Республиканың батыс өңірлері ғана антициклон жотасының ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.
Республиканың солтүстік жартысында түнгі сағаттарда температура 5-13-ке дейін, күндіз 12-20-ға дейін күрт төмендеуі мүмкін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-18-ге дейін, күндіз 18-27-ге дейін жылынады.