Аймақтар • 18 Маусым, 2021

Атырауда бес айда 559 млрд теңге салық түсті

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы бес айда Атырау облысынан бюджетке аударылған салық көлемі 559 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда бес айда 559 млрд теңге салық түсті

«Бес айда ел бюджетіне 559 млрд теңге, оның ішінде, республикалық бюджетке 384 млрд теңге салық аударылды. Ал, Ұлттық қорға 357 млрд теңге түсті», дейді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері негізгі капиталға 1 трлн 15 млрд теңге инвестиция салыныпты. Жыл соңына дейін 3,8 трлн теңгені құрайтыны күтіліп отыр.

«Өнеркәсіп өнімінің көлемі бес айда 3,2 трлн теңгені құрады. Осы кезеңде 19,5 млн тонна мұнай, 10,2 млрд текше метр ілеспе газ өндірілді. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 837 млрд теңге болатын бес жобаны жүзеге асырып, 560 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр», дейді облыс әкімі.