Оқиға • 18 Маусым, 2021

Ираннан заңсыз темекі тасымалдаған қылмыстық топ мүшелері сотталды

11 рет көрсетілді

Ақтауда Ираннан темекіні заңсыз тасымалдаған қылмыстық топ мүшелері сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл сайын темекі өнімдерінің «қара нарығына» ондаған миллиард темекі тасымалданады. Мысалы, тек өткен жылы Қазақстанға 1,2 млрд астам теңгеге 7,9 млн астам темекі қорабы заңсыз тасымалданған.

Контрабанда темекі өнімдеріне салық салу жүйесіне нұқсан келтіріп, темекі шегуді жастарға қол жетімді ету арқылы қоғамға айтарлықтай зиян келтіреді.

Темекі өнімдерінің контрабандасынан түсетін кірістерді көбіне қылмыстық және террористік топтар иеленді.

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ираннан Қазақстан аумағына темекінің экономикалық контрабандасын іске асырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Тергеу барысында Ақтау қалалық «Морпорт» кеден бекеті басшысының қолдауымен Ираннан керамикалық плиткалар мен томат пастасы түрінде 30 контейнер темекі заңсыз тасымалданғаны анықталды.

Темекінің заңсыз контрабандасына көмек көрсету үшін ҰҚТ мүшелері ақшалай сыйақы ұсынған.

Тәркіленген темекінің кедендік құны – 1,7 млрд теңгеден астам, кедендік төлемдер мен салықтар – 4,8 млрд теңгені құрады.

Басты ұйымдастырушы және лауазымды тұлға – 10 жылға, құқыққа қарсы қызметтің үш сыбайласы 5 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар