Спорт • 19 Маусым, 2021

Мұратбек Қасымбай AMC Fight Nights турнирінде жеңіске жетті

27 рет көрсетілді

Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай (12-4) AMC Fight Nights турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Красноярскіде өткен турнирде қазақстандық спортшы  Василий Козловпен (5-3) кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек (70,3 кг) бірінші раундта аяқталды, 25 жастағы Қасымбай қарсыласын үшбұрыш әдісі бойынша тұншықтырып, жеңіске жетті.

Бұл Қасымбайдың 2019 жылдың қыркүйегінен бергі алғашқы жеңісі. Козловты жеңген Мұратбек үш жеңілісіне нүкте қойды.

Соңғы жаңалықтар

Туристке де тәртіп бар

Аймақтар • Бүгін, 18:06

Доллар қайта қымбаттай бастады

Экономика • Бүгін, 11:47

Ұқсас жаңалықтар