Барлық сайлау учаскелерінен алынған дауыстарды санағаннан кейін парламенттік сайлауда Никол Пашинянның «Азаматтық келісім-шарт» партиясы 53,92%-бен жеңіске жетті, экс-президент Роберт Кочарянның «Армения» блогы 21,04% дауыс жинаған.
Арменияда парламенттік сайлау 20 маусымда өтті, оған 21 партия мен төрт блок қатысты.