Аймақтар • 21 Маусым, 2021

Ақтөбе облысында 400-ге жуық кәсіпкер «Ashyq» жобасына қосылған

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ashyq» жобасы Ақтөбе облысының аумағында 14 сәуірден бастап жұмыс істеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында 400-ге жуық кәсіпкер «Ashyq» жобасына қосылған

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының 512 кәсіпкері «Ashyq» жобасына қатысуға өтініш беріп, олардың 378-і QR-кодтарды жүктеген. Оған қоса 134 нысан пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жобаға қатысушы нысандар қызмет салаларының барлығын қамтып отыр. 

Бағдарлама енгізілгеннен бастап, өңірдегі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда «сары» статусы бар 73 адам және «қызыл» статусы бар 22 адам анықталған.

10 және 17 маусым аралығында «Ashyq» жобасының көмегімен Ақтөбе облысында «қызыл» статусы бар 3 және «сары» статусы бар 11 оқшаулау режимін бұзушы анықталды.

«Ashyq» жобасын енгізудің негізгі мақсаты – коронавирус инфекциясының алдын алу, яғни ауру жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайларын болдырмау.