Әлем • 21 Маусым, 2021

Токио Олимпиадасына қатысушылардың бірінен коронавирус анықталды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токиодағы Олимпиада қатысушылары арасында ПТР-сынамасы арқылы расталған алғашқы коронавирус жағдайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио Олимпиадасына қатысушылардың бірінен коронавирус анықталды

Уганданың бокстан Олимпиада құрамасының мүшесі COVID-19-ға сынама тапсырғанда оң нәтиже көрсеткен. Бұл шетелдік құрама мүшесінен инфекция анықталған бірінші жағдай. Токиода өтетін Олимпиада қатысушыларына сынама тапсыру міндетті саналады.

Угандалық спортшы екі рет сынама тапсырып, екеуі де оң нәтиже көрсеткеннен кейін оқшауға алынған. Кейін Угандадан келген тоғыз спортшының бәрі AstraZeneca вакцинасын алғаны және бортқа отырар алдында ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткені анықталды.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Пандемияға байланысты жарыстар бір жылға кейінге қалды және қазір 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар олипиаданы шетелдік жанкүйерсіз өткізуге және жарыстарды көруге арналған аймақтарды ұйымдастырудан бас тартты.