«Есеп комитеті мемлекеттік борыштың өсуіне назар аударып, оның жалпы ішкі өнімге қатынасы 29,4 пайызға жеткенін және жаңа Бюджет саясаты тұжырымдамасында белгіленген 27% болатын шектеуден асқанын атап өтті. Расында, Тұжырымдамада көрсетілген 27% Үкіметтің өзі белгілеген индикативтік көрсеткіш, ал тұжырымдаманың өзі қазір өзекті емес. Сондықтан макроэкономикалық жағдайды және экономика дамуының басқа да параметрлерін ескере отырып, жаңа құжат әзірленіп жатыр», деді Е.Жамаубаев Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау кезінде.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік қарыздың жалпы ішкі өнімге арақатынасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында белгіленген лимиттен аспайды.