Ақтөбе қаласындағы Ш.Қалдаяқов көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері банктердің бірінің менеджері рульде отырған «Daewo Nexia» автокөлігін тоқтатты. 26 жастағы жүргізуші бұған дейін де көлік құралын басқару құқығынан айырылған, «каннабиоидтарды» пайдаланып, мас күйінде көлікті басқарған.
«Сол күні Бөгенбай батыр көшесіндегі «Дастан» қонақ үйіне қарама-қарсы бетте полиция қызметкерлері 38 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ВАЗ-21140» автокөлігін тоқтатты. Ол да бұрын көлік құралын басқару құқығынан айрылып, автокөлікті есірткіге масаң күйде басқарған. Екі дерек бойынша да Қылмыстық кодекстің «Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бабы бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.