Медицина • 22 Маусым, 2021

Ashyq індетті ауыздықтай ма?

237 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жетісуда жұқпалы індетпен күрес шарасы бәсеңдеген жоқ. Облыс – қазір короновирус инфекциясының таралуы бойынша «жасыл аймақ» санатында. Алайда бұл сақтық шарасын босаңсытуға болады деген сөз емес. Сол себептен де өңірде санитарлық талап әлі күшейген қалпында қалып отыр.

Ashyq індетті ауыздықтай ма?

Ал тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өңірдегі қызмет көрсету ны­сандары жаппай Ashyq жобасына қосылуда. Әрине, аза­маттардың денсаулығына қа­тысты жауапкершілігі жеке бас­қа қатысты болғанымен, ін­дет таралуының алдын алуға қо­сым­шаның да оң ықпалы тиіп отыр­ған көрінеді. Мәселен, бірер күн ішінде Ashyq жобасы ар­қылы тексерудің нәтижесінде аймақтағы 103 тұрғынның «қызыл» және «сары» мәртебеге ие екені расталыпты. Соның ішін­де Талдықорған қаласында 57 «сары» және 36 «қызыл» мәр­тебесін тасымалдаушы, Пан­филов ауданында 1 «қызыл» және 3 «сары» мәртебесін тасымал­даушы, Ескелді ауданында 1 «қызыл» және 2 «сары», Қарасай ауданында 1 «қызыл», 1 «сары» және Еңбекшіқазақ ауданында 1 «сары» түсті мәртебе көрсеткен адам анықталған екен. Демек індеттің таралуына жол бермеу үшін Ashyq жобасының тиімділігі бар деген сөз.

– Бүгінге дейін облыстағы демалыс бассейндері, лотерея клубтары және туризм нысандары Ashyq жобасына толық қосылды. Яғни барлығы 740 нысан қосымшаны өз қыз­метіне енгізген. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясының филиалдары, Талдықорған қа­ласының әкімдігі мен әуежай да қосымша арқылы жұмыс істей бастады. Цифрлы платформаға туризм, мәдениет, спорт және санаторий-курорттық мақсат­тағы нысандар, демалыс үйлері белсенді түрде қосылуда. Қа­зір келушілер мен мекеме қызметкерлеріне ыңғайлы болу үшін Ashyq қосымшасын ғана емес, сонымен қатар Аitu қо­сымшасын, Kaspi.kz және Halyk Homebank банк қосым­шаларын да қолдануға болады, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов.

Айтпақшы, аймақтағы эпи­­­демиялық ахуал қалыпты дең­гейде болғанымен, індет белгісі анық­талып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген тұрғындар са­ны тәулік сайын өсіп отыр. Мысалы, өт­кен аптаның соңында вирус жұқ­тырғандардың саны 37 адамға жет­кен. Яғни бір тәу­лік ішін­де Талдықорған қала­сында 11 нау­қас, Талғар ауданында 7 науқас, Қарасай ауданында 5 науқас, Іле ауданында 4 науқас, Жамбыл ауданында 3 науқас көмекке жүгінсе, Қаратал және Көксу аудандарында індет жұқтырудың 2 жағдайы Ең­бекшіқазақ, Кербұлақ және Ұй­ғыр аудандарында бір-бір адамнан коронавирус анық­талыпты. Сондай-ақ өткен аптада 55 адам індеттен жазылып шыққан. Ал қазір облыс ауру­ханаларында 652 адам ем қабылдап жатса, оның ішінде 28 науқастың жағ­­дайы ауыр екен. Жалпы, аймақтағы жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар санының қатылуы 32,1 пайыз шамасында болып отыр.

Мұнан бөлек өңірде коро­на­вирусқа қарсы вакцина алу ісі де қарқынды жүруде. Бүгінде екпенің бірінші компонентін алғандар саны 283 006 адамға жеткен. Ал толық егілгендердің тізімінде 176 566 адам тұр. Дерек бойынша, облыс аумағында күн сайын
3 364 шамасындағы тұрғын індетке қарсы вакцина салдыруға өтініш береді екен.

 

Алматы облысы