Коронавирус • 22 Маусым, 2021

«Үнді» штамы үрейлі

477 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі айналымда «Үнді» штамының болу ықтималдылығын анықтады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді.

«Үнді» штамы үрейлі

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейінің күрт өсуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. Скрининг нәтижелері бойынша «Дельта» штамына («Үнді» штамы) тән мутацияға күдікті жағдай анықталды. Мутацияның болуын және оның «Дельта» штамына жататынын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

«Дельта» коронавирус штамы аса контагиоз­ды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60%-ға жоғары. Қазіргі айна­лымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штам 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады. Сонымен қатар індетті жұқтырғандар буындар мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді, жүрек айнып лоқсиды, ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін және аяқтардың микротромбозына әкеледі.

Соңғы зерттеулер көр­сет­кендей, коронавирустың «Үнді» штамы төсекке та­ңылу мен өлім-жітімнің жо­ғары ықтималдығына ық­пал етуі мүмкін. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз ден­саулығы мен жақын­дары­ның өміріне аса сақтық­пен, жауап­кершілікпен қарау­ды сұрайды.

Инфекциядан қорғану мен ауру­ханаға жатудан аман қалу­дың бірден-бір жолы Сovid-19 вирусына қарсы вакцинаның толық курсын алу. КВИ-ге қарсы екпе алуға қар­сы көрсетілімдері жоқ әр­бір азамат қысқа мерзімде вак­циналанғаны жөн.

Сондай-ақ ВАК вирус та­ралуының алдын алу мақ­сатында маска тағу, әлеуметік арақашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды жел­­дету сияқты барлық про­фи­лактикалық шараны қа­таң орындау қажет екенін ескертеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 20 маусымдағы мәліметтері бойынша SARS-CoV-2 «Дельта» штамы әлемнің 174 елін­де анықталған.