Қазақстан • 22 Маусым, 2021

Тісін емдеткеннен кейін комаға түскен бүлдіршін көз жұмды

587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың желтоқсан айының соңғы күндерінде елордадағы стамотологиялық клиникаларының бірінде тісін емдеткеннен кейін ес-түссіз қалған бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тісін емдеткеннен кейін комаға түскен бүлдіршін көз жұмды

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі де растады.

«Өкінішке орай 21 маусым күні №2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасында ес-түссіз жатқан кішкентай қыз қайтыс болды. 1,5 жылдан астам уақыт бойы медицина қызметкерлері, барлық дәрігерлер бүлдіршіннің өмірі үшін күресіп, жанын аман алып қалуға тырысты. Бірақ, кішкентай қыз өте ауыр халде жатқандықтан өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», деді басқарманың баспасөз хатшысы Әйкерім Ардаққызы.

Еске салайық, 2020 жылдың қаңтар айында елорда тұрғыны Анастасия Зеленая екі жарым жастағы баласы стоматологиялық клиникаға қаралғаннан кейін ес-түссіз күйге түскенін хабарлаған болатын. Осыдан кейін тіс емханасына тексеру жүргізіліп бірқатар кемшіліктер анықталған еді.