Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусым күні сағат 11:20-да Жертұмсық ауылының жанында «Нива» автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, «КамАЗ» автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нива» көлігінің 53 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автокөлікте болған жолаушы жарақатымен ауруханаға жеткізілді», дейді департаменттегілер.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.