Аймақтар • 22 Маусым, 2021

Алматыда 12 бала бейімдеу орталығына орналастырылды

628 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда 12 қаңғыбас бала арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда 12 бала бейімдеу орталығына орналастырылды

Мұндай мәліметтерді Алматыдағы тәртіп сақшылары «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасының нәтижелері бойынша берді.

– Оның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың алдын-алу және болдырмау, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүру фактілерін анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекеттерге тартатын ересектер, балалардың тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналар, сонымен қатар балалар еңбегін пайдалану фактілері, кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Іс-шараның төрт күнінде 295 жасөспірім ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар үшін жеткізілді, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – 281, қараусыз қалғаны және панасыздығы үшін – 14, оның ішінде қараусыз қалған 12 бала қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Жеті жасөспірім және тоғыз қолайсыз отбасы анықталды және есепке алынды.  

– Сонымен қатар 272 ата-ана кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнде заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелеріне кіргізгені үшін ойын-сауық мекемелерінің үш лауазымды адамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ алкоголь өнімдерін сатудың сегіз фактісі, үш темекі өнімдері және кәмелетке толмағандар түнде даяшы болып жұмыс істеген екі ойын-сауық мекемесі анықталды. Ата-аналар үшін бақылаудың жеткіліксіздігі жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа баруына немесе оларға қарсы заңсыз іс-әрекеттер жасауына әкелуі мүмкін екенін білуі және түсінуі маңызды, сондай-ақ олардың тәрбиесі үшін жауапкершілікті ұмытпау керек, – деді Жанна Шонжанова.