Аймақтар • 22 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда пациенттердің 56%-ынан үнді штамы анықталды

30 рет көрсетілді

COVID-19 ауруының күрт өсуін және үнді штаммының ықтималдығын ескере отырып, Нұр-Сұлтанда қосымша тексеруге 54 науқастың сынамасы алынды. Олардың ішінде пациенттердің 56%-ында үнді штаммының ықтималдығы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мутацияның жаңа түрі ең жұқпалы және тез таралады. Елордада қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі. Коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен өткен қалалық штаб отырысында қаралды.

«Қалада аурудың күрт өсуін тіркейміз. 54 науқастан алынған сынаманың алдын-ала талдауы олардың 56%-ында үнді штаммының ықтималдығы бар екенін көрсетеді. Мутацияның жаңа түрі ең қауіпті, өйткені өлім қаупі жоғары, адамның иммунитетіне қатты әсер етеді. Ал 39%-ы британдық штаммға ие. Пациенттердің 80%-дан астамында (үнді, британдық штаммдар) клиникалық көріністер бар, оның ішінде 20 науқас ауруханаға жатқызылды, 20%-ында симптомдар жоқ, оның ішінде 1 науқас ауруханаға жатқызылды.

Көпшілігі – дәрігерге көрінген. Сырттан келген алты науқас бар: Ресей, Ауғанстан, Түркістан, Ақмола облысы – 2, ШҚО», деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов коммуналдық қызметтердің, құрылыс компанияларының басшыларымен, мектеп/балабақша, колледж, СОО/СҮ/базар директорларымен, ҮЕҰ және басқа да ірі кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Жұрттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында еңбек ұжымдарын вакцинациялау қажеттілігі айтылды. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру кезінде ғана олардың қызметі тоқтатылмайды. Егілгендердің саны аз болған жағдайда, осы нысандағы жұмыстар тоқтатылады.

Үнді штаммының жұқпалы және тез таралатынын ескере отырып, қалада қосымша шектеулер енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Ертеңін ойлаған екпе алады

Коронавирус • Бүгін, 16:53

Ұқсас жаңалықтар