Әлем • 22 Маусым, 2021

Үнді штамы әлемнің 90-нан аса елінен анықталды - ДДСҰ

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Мария ван Керкхове коронавирустың үнді штамы әлемнің 92 елінен анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үнді штамы әлемнің 90-нан аса елінен анықталды - ДДСҰ

ДДСҰ сарапшысының мәліметінше, «дельта» штамы ұйымды алаңдатып отыр, себебі ол аса жұқпалы және әлемде жылдам тарап барады.

«Дельта» нұсқасы 92 елде анықталды. Ол өте жұқпалы болғандықтан алаңдатып отыр», деді Керкхове брифингте.

Ауруды бақылау және алдын-алу орталықтарының дерегіне сүйенсек, қазір бұл штамм АҚШ-та барлық ауру жұқтыру дерегінің 10 пайызын алады, ол елдегі басымдыққа ие нұсқалардың біріне айналған. Сонымен қатар, үнді штамы Ұлыбританиядағы жаңа деректердің 60 пайызына жетті.

«Коронавирусқа қарсы вакцина ауыр сырқат пен өлімге қарсы өте тиімді. Вакцина осыған арналған, сондықтан қолдануымыз қажет. COVAX, ДДСҰ  және біздің барлық серіктес қауіп төніп тұрған адамдарға вакцина жеткізуді қолдайды», деп қосты Керкхове.

Еске салайық, бұған дейін ДДСҰ үш еселенген мутациясы бар үнді штамы әлемдік деңгейде «алаңдатып отырғанын» мойындаған еді. ДДСҰ жаңа аурулар мен зооноз бөлімінің басшысының сөзінше, үндістандық В.1.617. штамы бастапқыларымен салыстырғанда жұқпалы, вакцинаға шыдамды және жойқын болып келеді. ДДСҰ өкілі мутацияланған инфекция бастапқы штамм - SARS-CoV-2-ге қарағанда жылдам таралады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Елордада үнді штамы табылды деген қауіп анықталғанын мәлімдеген еді.